Түркістанда Назарбаев мектебі салынады

0
3 211

Түркістан облысында салынатын Назарбаев мектебінің құжатамалары дайындалуда.


Түркістанда Назарбаев мектебі салынады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында Назарбаев мектебі салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістанда өткен жиында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтып өтті.
"Nur Otan" партиясының XVIII кезекті съезінде Елбасы тапсырған "Әлеуметтік қамсыздандыру" жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыруды түсіндіру мақсатында өткен жиынға қатысушы тұрғындар министрлерге түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

Ал, «Назарбаев мектебі салына ма?» - деген сұраққа Күләш Ноғатайқызы қазіргі кезде құжаттамалардың дайындалып жатқандығын, алдағы уақытта салынатынын айтты.