Түркістанда оқушылар арасындағы құқықбұзушылыққа қатысты мәжіліс өтті

0
2 156

Рухани астанамызда қала әкімінің төрағалығымен оқушылар арасындағы құқықбұзушылықты ауыздықтау мәселесі бойынша мәжіліс. Жиынға білім саласына жауапты лауазым иелері және полицейлер қатысқан.


Түркістанда оқушылар арасындағы құқықбұзушылыққа қатысты мәжіліс өтті

Түркістан қаласында 25 қаңтар күні қала әкімдігінің ұйымдастыруымен, білім бөліміне қарасты мектеп директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары мен жергілікті полиция қызметінің қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісте жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Б.Янкин мектеп мұғалімдері ата-аналарымен бірлесіп, әрбір баланың мектептегі жағдайын және бос уақытта қайда жүргендігін бақылауды күшейту мақсатында мүмкіндігінше JPS құрылғыларын орнатып, мобильді байланысқа қосуды ұсынды.«Қоғам назарын аударған оқушылар арасындағы құқықбұзушылыққа осында отырған бәрімізде жауаптымыз. Бұл жерде жауаптыларды жазалау ғана емес ең алдымен осы мәселеге тоқтау салу. Осы оқиғадағы құқық бұзған және зардап шеккен баланы әрқайсымыз өз баламыздай сезінуіміз керек. Жүгенсіздікке жол берген оқушылар тәртібіне мектеп пен ата-ананың жауапкершілігі қатар жүреді. Сондықтан да балалардың тәрбиесін түзеп, тәртібін қолға алу бағытында жұмысты күшейту қажет",- дейді қала әкімі Ә.Өсербаев.

Сонымен қатар, мәжілісте қоғамдық ұйымдар атынан сөз алған облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов жасөспірімдер тәрбиесіне қоғам болып жауапкершілікті арттырып, тәрбие жұмыстарын көбейтуді және қоғамдық ұйымдардың әрбір мектеп оқушыларымен кездесулер өткізуге дайын екендігін айтты.

Жиында бір қатар азаматтарр оқушылар арасындағы құқықбұзушылықты жою бағытындағы ұсыныстарын ортаға салып, оқушылар тәрбиесіне ата-ананың жауапкершілігін күшейту, тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар мен құқықбұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізу сияқты ойларымен бөліскенін де айта кеткен жөн.
Мәжілісті қорытындылаған қала басшысы Ә.Өсербаев қалалық білім бөлімі мен мектептерден құрылған комиссияның рейдттік шараларды көбейту қажеттігін айтып, түрлі салалар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен арнайы топ жасақтап жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы түсіндірме, тәрбие жұмыстарын жандандыруды және мектеп инспекторлары мен учаскелік полицейлердің жұмысын күшейтуді тапсырды.