Түркістанда оқушыларға арналған жәрмеңке жалғасып жатыр

0
564

Тауарлар нарықтан 15-20% төмен бағада сатылып жатыр.


Түркістанда оқушыларға арналған жәрмеңке жалғасып жатыр

Түркістан қаласында мектеп киімі мен оқу-құралдарының жәрмеңкесі жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен мектеп киімі мен оқу құралдарының жәрмеңкесі өз жалғасын табуда. Облыс орталығында орналасқан Эко-базардағы жәрмеңкеде тауарлар нарықтан 15-20% төмен бағада сатылып жатыр.


Атап айтқанда, мектеп формасы қыз балаға - 5000 теңгеден, ер баланің мектеп киімі - 14 мың теңгеден сатылымға қойылса, оқу- құралдарынан қарындашты - 15 теңгеден, дәптерді- 25 теңгеден алуға болады. Ал, аяқ киімдер бағасы 5000-7000 теңге аралығында болса, мектеп сөмкелері 2500 - 5000 теңге аралығында саудалануда.


Жәрмеңкеде төрт баласын киіндіруге келген қала тұрғыны Аманкүл Жанғазиева жәрмеңкенің көпбалалы отбасы мүшелерін мектепке дайындауда жеңілдік беретінін жеткізіп, шараның жүйелі ұйымдастырылуын ұсынды.