​Түркістанда «Ońtústik» арнасының студиясы жұмысын бастады

0
932

Студия ғимараты арнайы заманауи техникалармен жабдықталған.


​Түркістанда «Ońtústik» арнасының студиясы жұмысын бастады

Бүгіннен бастап Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында «Ońtústik» телеарнасының студиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

«Ońtústik» арнасының студиясының салтанатты ашылуына зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер мен теливизия саласының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының құрметті журналисті Байдулла Қонысбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт жаңа студияның лентасын қиып, ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Түркістан облысын құру туралы Жарлығы жарияланғаннан бастап киелі шаһарда арнаның тілшілер қосыны белсенді жұмыс жасап келеді. Ендігі межеде ұжым өңірде орын алып жатқан айшықты жаңалықтарды жариялауды мақсат етіп отыр.

Студия ғимараты арнайы заманауи техникалармен жабдықталған.

Айта кету керек, «Ońtústik»телеарнасы 1990 жылдың 5-қарашасынан бері хабар таратып келеді. Тәулігіне 18 сағат хабар тарататын арна «OTAU TV» жер серігі желісі арқылы республика аумағынан бөлек көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, ТМД аумағында да көрсетіледі.