Түркістанда Орталық Азия форумы өтті

0
274

Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы мәселелер талқыланды.


Түркістанда Орталық Азия форумы өтті

Түркістан қаласында «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдар» форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының (бұдан әрі-Қауымдастық) ұйымдастыруымен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) қолдауымен «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдар» Бірінші Орталық Азия форумы өтуде.


Форумға Қауымдастық Президиумының Төрағасы Әлия Назарбаева, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан Парламентінің депутаттары, Германия Елшілігі, халықаралық ұйымдар, бизнес және экологиялық қауымдастық өкілдері және т.б. қатысуда.


Форум барысында Қауымдастық Президиумының Төрағасы Әлия Назарбаева климаттың өзгеруінің басты сын-қатерлерін атап өтіп, шек пен қайтарылмайтын нүктеге іс жүзінде қол жеткізу керектіне баса назар аударды.


Спикер өз сөзінде 9 тамызда БҰҰ климаттық тобы (МГЭИК) көңіл көншітпейтін баяндама ұсынып отырғанын тілге тиек етіп осының негізінде бүкіл әлем елдерін нақты іс-қимылдарға көшуге шақырды. Оған сәйкес, 10 жылдан кейін критикалық 1,5 градус жоғарылайды және температура көтерілуі мүмкін, ал жауын-шашын біркелкі болмайды. Нәтижесінде құрғақшылық, су тасқыны сынды қауіп-қатері көп болуы мүмкін, және бұл, ең алдымен, Орталық Азия аймағына жататын елдерге тікелей қатысты.


Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Әлия Назарбаева Орталық Азия елдері үшін сын-қатерлерді азайтуда нақты іс-шаралар пакетін әзірлеуді және Париж келісімі шеңберінде алынған міндеттемелерді тереңдетуді және ұлттық деңгейде айқындалатын өз үлесімізді қосуға шақырды.


Анықтама: Осы құжаттың негізгі элементтері, жаһандық жылынуды 1990 жылмен салыстырғанда 2°C-тан төмен деңгейде ұстау болып саналады.


Мәселен, Қазақстан 2030 жылға қарай шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 15-25%-ға дейін, Қырғызстан 11,5-13,8% - ға, Тәжікстан 10-20% - ға, Өзбекстан 2010 жылғы деңгейден 10% - ға төмендетуді жоспарлап отыр. Түрікменстан белгілі бір талаптарға сай парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін тұрақтандыруға немесе азайтуға ниетті.


2020 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның климаттық амбициялар жөніндегі саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу ниеті туралы мәлімдеме жасаған болатын.


Қазіргі уақытта республикада Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртегі бейтараптық стратегиясы әзірленіп жатыр. Қазіргі сәтте 124 ел 2050 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттеме алды, бұл жаһандық ЖІӨ мен СО2 шығарындыларының шамамен 70% құрайды.


Айта кету керек, Орталық Азия елдерінің негізгі өндірістері бұрынғысынша көмірге тәуелді, оның ішінде әсіресе Қазақстан бар. Жасыл энергияға көшу энергетикалық сектор мен тұтастай экономиканы қайтадан жүктеу кезінде елеулі қиындықтарға алып келеді. Алайда, жасыл рельстердің пайда болуы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және климатқа, оның ішінде адамзат денсаулығына кері әсерін азайтуға ықпал етеді.


Экономиканы декарбонизациялау жолында Қазақстан түрлі сценарийлер бойынша көміртекті бейтараптық модельдерін әзірлеу арқылы Климаттық саясатты қабылдауда алғашқы ізашар болды.


Форумның панельдік сессияларында Орталық Азия елдерінің қатысушылары климаттың өзгеруінің өзекті мәселелерін талқылап, «жасыл» жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибелерімен бөлісті және көміртектің нөлдік шығарындылары саясаты бағытындағы ілгерілетулер туралы айтты.


Форум мен оның іс-шараларының қорытындылары бойынша Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптығына бірлесіп қол жеткізу жөніндегі Декларацияға қол қойылды.