​Түркістанда «Парасатты полицей-2019» байқауы өткізілді

0
1 558

«Парасатты полицей» байқауына Полиция Департаментіне қарасты қала-аудан полиция басқарма-бөлімдерінен барлығы 13 топ қатысты.


​Түркістанда «Парасатты полицей-2019» байқауы өткізілді

Түркістан қаласындағы мәдениет үйінде тәртіп сақшыларының қатысуымен дәстүрлі облыстық «Парасатты полицей» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен байқауға ПД-не қарасты қала-аудан полиция басқарма-бөлімдерінен барлығы 13 топ қатысты.

ТО ПД-нің баспасөз қызметінің басшысы, полиция полковнигі Салтанат Қаракөзова өзінің құттықтау сөзінде: «Бұл байқаудың негізгі мақсаты, ҚР-ның Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, «Жастар жылын» қолдауға байланысты, жас және білікті полицейлерді таныту, полиция мамандығының деңгейін өсіріп, оң имидж қалыптастыру, сонымен қатар, ең маңыздысы мемлекеттік тіліміз «қазақ тілінің» мәртебесін нығайту болып табылады", - деп атап өтті.

Байқауға қатысушы командалар, көрермен алдында полицейлердің жан-жақтылығын, сегіз қырлы бір сырлы екенін, отансүйгіш, тілді құрметтейтінін және өз өнерлерін, білім-біліктілігін көрсете алды. Тәртіп сақшыларының сахнаға шығып ұсынған нөмірлері Әділ-қазыларға, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Полицейдің де ән шырқап, би билеп, әзіл айтатыны, шығармашылыққа жақындығы жиналған жұртты сүйсіндірді. «Парасатты полицей» байқауының қорытындысында Әділ-қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде алған – Төлеби ауданынан келген «Төлеби қырандары» командасы үздік деп танылды.

Бірінші орынды – Арыстық «Арыс айбыны» қанжығасына байласа, екінші орынды – Жетісай АПБ-нің «Қыран» тобымен Шардаралық «Шардара-Шағала» командалары өзара бөлісті. Ал үшінші орын Сарыағаштық «Сарыағаш қырандары» және Ордабасы АПБ-нің «Ордабасы қырандары» командаларына бұйырды.

Бұған қоса, 6 номинация бойынша келесі командалар жеңімпаз болып танылды: - «Тілі басқа, тілегі бір» номинациясында Қазығұрт АПБ-нің «Жебе» - «Өнерлі жас полицей» номинациясында Сайрам АПБ-нің «Сайрам сақшылары» - «Көркемсөз шебері» номинациясында Созақ АПБ-нің «Созақ сақшылары» - «Ұйымшыл команда» номинациясында «Келес сақшылары» мен Отырара АПБ-нің «Біздің жігіттер» - «Үздік сахналық көрініс» номинациясында «Түлкібас полиция құрамасы» - «Көрермен көзайымы» номинациясында Мақтарал АПБ-нің «Сұңқар» командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Жүлделі орындар мен номинацияларға ие болған жалпы командаларға бағалы сыйлықтар мен диплом, алғыс хаттар табысталды. Түркістан облыстық ПД-нің «Парасатты полицей-2019» байқауынан суырылып алға шыққан, ерекше деп іріктелген «Төлеби қырандары» алда өткізілетін Республикалық байқауға жолдама алды.