Түркістанда садақ атудан ел чемпионаты басталды

0
774

Жарыс жеңімпаздары 7 наурызда анықталады.


Түркістанда садақ атудан ел чемпионаты басталды

Түркістан қаласында садақ атудан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында садақ атудан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Түркі əлемінің астанасындағы бұл жарысқа 9 команда мен 200-ден аса жас қатысуда. Қазақстан чемпионатының ашылу салтананына арнайы келген Түркістан облысы əкімінің орынбасары Сəкен Қалқаманов қатысушыларды құттықтады. Тәуелсіз еліміздің төл перзенттерінің спортпен кəсіби тұрғыда айналып жатқанын жоғары бағалады.


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев өңірімізде садақ ату спорты дамып жатқанын атап өтті.


Республикамыздың түкпір-түкпірінен қатысып жатқан жарыста Түркістан облысының жастары жүлделі орындардан үмітті. Олар жарысты сəтті бастады. Түркістанда əлемдік деңгейде салынған спорт базалары садақ ату спортының жаңаша дамуына мүмкіндік ашуда.


Жарыс жеңімпаздары 7 наурызда анықталады.