Түркістанда «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары анықталды

0
557

Байқау 1 наурызда басталған.


Түркістанда «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістанда этносаралық татулықты насихаттауға арналған «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.


Аталған байқау этносаралық қатынастар тақырыбында, яғни этножурналистиканы дамыту мақсатында әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұйымдастырылған болатын.


Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткен шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев және БАҚ өкілдері қатысты.


«1 наурыз - Алғыс айту күнінен бастау алған "Шаңырақ" байқауы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қорытындыланып отыр. Қалам ұстаған қауымның дәстүрлі байқауы биыл үшінші рет өткізіліп жатыр. Өңірлік деңгейде өткен байқау жеңімпаздары республикалық байқауларда да өз бағасын алады деп есептеймін», - деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев.


Сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары басқосуға жиналған БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.


Байқау қорытындысында бірінші орынға Базаркүл Бердіқожа лайық деп танылды. Екінші орынды Несіпкүл Өтебаева иеленсе, үшінші орын Ләззат Сарыбаеваға бұйырды. Сондай-ақ басқа да жазба авторлары Несібелі Иманқұлова, Мақпал Патенова, Шолпан Дүтбаева, Қайрат Кәрібаев, Төлеген Ахмет ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Байқау жүлдегерлеріне Алғыс хат табыс етіліп, сый-құрмет көрсетілді.