​Түркістанда спорт кешені ашылды

0
2 004

Мұнда жастар бокс, грек рим, еркін күрес, дзюдо, футбол, гимнастика секілді спорт түрлерімен шұғылдана алады.


​Түркістанда спорт кешені ашылды

Түркістанда олимпиада резервін даярлау орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Құны 1 млрд. теңгеге жуық болатын нысанды Солтүстік Қазақстан облысы Түркістанға тарту етіп отыр. Салтанатты шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев көпшілікті мерекемен құттықтады.

"Елбасымыздың Жарлығымен осыдан бір жыл бұрын Түркістан облысы құрылды. Содан бері өңірде көптеген қарқынды құрылыс жұмыстар жүзеге асуда. Бұл іске барлық облыстар, барлық өңірлер, ұлттық компаниялар, ел үкіметі жұмылдырылды. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Спорт кешенін құрылысын бітіріп, тарту етті. Кешен игіліктеріңіз арналсын. Игі іске үлес қосқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне, өкілдеріне, жобалаушылар мен құрылысшыларға алғыс айтамын. Алдағы уақытта спорт кешені жанынан жатақхана мен орта мектеп салынып, үлкен комплекске айналады", – деді облыс әкімі.

Мұнда жастар бокс, грек рим, еркін күрес, дзюдо, футбол, гимнастика секілді спорт түрлерімен шұғылдана алады.

Салтанатты шарадан соң, 2003-2004 жылы туылған мектеп оқушылары арасында волейболдан облыстық жарыс ұйымдастырылды.