Түркістанда табиғатты қорғау бағытында ғылыми конференция өтті

0
1 076

Аталған шараның ұйымдастырушысы – «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі.


Түркістанда табиғатты қорғау бағытында ғылыми конференция өтті

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркінің 10 жылдығына орай ғылыми жұмыстарының нәтижелері» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Конференцияға «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ Туризм рекреация және экоағарту бөлімінің меңгерушісі А.Тажиева, «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Н.Төре, Өңірлік табиғи парктің еңбек ардагері Е.Төлеміс, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Мошқалов және тағы басқа ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.


«Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің бас директоры А.Абдихадиров конференцияның салтанатты ашылуымен құттықтап, аталған іс-шараның ойдағыдай өтуіне сәттілік тілеп, бірқатар азаматтарды марапаттады.


Алдымен жиналған қауымға «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің 10 жылдағы жұмыстарының нәтижелері мен ғылыми еңбектер жинағы кітабын таныстырды. Аталған шараның ұйымдастырушысы – «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі.


Кездесу барысында кітаптардың тұсауын Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Б.Шәріпбеков, «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің бас директоры А.Абдихадиров және Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Мошқалов кесті.


Шарада «Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резреваты РММ» б.ғ.к. Г.Сақауова, ҚР БҒМ «Зоология институты» РМК б.ғ.к., П.Есенбекова, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аға ғылыми қызметкері А.Умирзакова, «Қаратау МТҚ РММ» табиғат пайдалану жөніндегі инженері Ж.Джанабатырова, «Қаратау МТҚ РММ» ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері А.Асылбекова және тағы басқа баяндама жасады.


Жиын соңында шараға қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Керуен сарай, Тұңғыш Президент саябақтарына экскурсия жасады.