Түркістанда тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды

0
238

100-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерін анықтамақ.


Түркістанда тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды

Түркістанда тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды. Біріншілікке өңіріміздің 8 ауданынан және екі облыстық мектептен 100-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерін анықтамақ.


Аталған жарыста 14 пен 21 жас аралығындағы тоғызқұмалақшылар классика, рапид және блицтен сынға түсуде. Апта бойы жалғасатын жарыстың жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады. Елішілік додада облыс мақтаныштары қыздар арасында Ақбота Намаз, Ақерке Құдайбергендерге мол сенім артылса, ұлдар арасында Ерасыл Сайлаубек, Лес Зауытбектерге артылған жүк ауыр. Сондықтанда шеберліктерін одан әрі шыңдау мақсатында өтіп жатқан облыс біріншілігінің маңызы ерекше.


Айта кетейік, ел чемпионаты наурыздың 21-30 аралығында Өскемен қаласында өтеді деп күтілуде.