Түркістанда той тоқтар емес

0
1 132

Кафе иесі той өткізуге тапсырыс қабылдағанын мойындаған.


Түркістанда той тоқтар емес

Түркістан қаласының орталығында карантин режимін біле тұра жергілікті тұрғын қызын ұзатып той жасаған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласы Тәуке хан көшесінде орналасқан кафелердің бірінде өтіп жатқан той туралы тәртіп сақшыларына хабар берілген. Карантинде той өткізіп жатқан кафеге мобильді топ пен полиция келгенде той иесі қызын ұзатып, қонақтарын шығарып сап үлгерген. Бірақ құзырлы органдар өкілдеріне кафе иесі той өткізуге тапсырыс қабылдағанын мойындаған. Заңды белшесінен басқан кәсіпкер мен той иесінің үстіне хаттама толтырылып, жауапкершілікке тарту үшін тиісті мекемеге жолданған.

"Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тіркеліп, іс-құжаттары жинақталып, Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістанда той толастар емес. Полицейлер Түркістан қаласындағы "Бек" кафесі де карантин талаптарын орындамай, тапсырыс қабылдап жатқанын анықтады. Аталған дәмханада 30 адамды жиып ұжымдық отырыс өткізіп жатқандардың үстінен түсті.