Түркістанда «Tourist TIME» жобасы бастау алды

0
634

Әр жұма сайын сағат 20:30-да Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығының алаңында өтеді.


Түркістанда «Tourist TIME» жобасы бастау алды

Түркістанда туризмді насихаттауға арналған «Tourist TIME» жобасы бастау алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы мен «Turkistan» телеарнасы облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай бірлескен жаңа жобаның тұсауын кесті.


«Tourist TIME» бағдарламасы — Түркістанның туризмін насихаттау мақсатында ойын-сауық форматында өткізіледі. Іс-шарада спорттық жарыстар, қызықты трендтегі ойындар мен шығармашылық тапсырмалар беріледі. Бағдарлама барысы «Turkistan» телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.


Жоба тұңғыш рет өткізілгеніне қарамай, «Tourist TIME»-ның мақсаты орындалды. Ойындарға облыстың аудандарынан бөлек, Тараз, Қызылорда және Алматыдан келген қонақтар белсене қатысты. Алғашқы бағдарламада су толтырылған шарды жару, батутқа секіру, алыптардың жарысы, турникке тартылу сынды 4 кезеңдік бәсекеден тұрды. Әр ойыннан жеңген жеңімпаздар өзара сайысты.


Түрлі сындардан сүрінбей финалға өткен қатысушылар, ұйымдастырушылардың арнайы жүлделермен марапатталды. Атап айтқанда, 1-орынға 5 жұлдызды «Rixos» қонақүйіне 2 адамға демалыс үшін сертификат, 2-орынға SPA-ға 2 сертификат, ал 3-орын иесіне кинотеатрға 2 билет табысталды. Іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтарына викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер мейрамханаларға арналған жеңілдік карталарына ие болды.


«Tourist TIME» бағдарламасы әр жұма сайын сағат 20:30-да Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығының алаңында өтеді.