​Түркістанда тұңғыш рет «Turkіstan ART fest» байқауы өтті

0
1 186

Бұл байқау Түркістан облысының 1 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылды.


​Түркістанда тұңғыш рет «Turkіstan ART fest» байқауы өтті

Түркістанда тұңғыш рет «Turkіstan ART fest» байқауы өтті – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Онда жас дизайнерлер суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастардың туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Түркістан облысының 1 жылдық мерей тойына арналған байқау алты бағыт бойынша өтті.
«Басты мақсат облысымыздың 1 жылдық мерекесі қарсаңында өңіріміздегі өнерлі жастарымыздың туындыларын танытып, шығармашылықтарын дамыту болмақ»,- дейді облыстық отбасы, балалар және жастар орталығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Сәдібек.
Жалпы бұл қолөнершілер көрмеге өздерінің жүзден астам түрлі ірілі-ұсақты бұйымдарымен алып келген. Олардың ішінде Кентау, Сарыағаш, Созақ, Бәйдібек және өзге де облысқа қарасты қала-аудандардан келген жастар бар.
Олар мұндай мүмкіндіктің берілгендігіне қуанышты. Әрі жұмыстарының көпшіліктің қызығушылық танытып жатқандарына шексіз ризашылықтарын білдірді.
Байқау қорытындысында арнайы жүлделі орынға ие болған жастар қаржылай сыйлықтарға ие болды.