Түркістанда тұсаукесер өтті

0
2 360

Ғылыми-практикалық конференция 3 альбом-каталогтың тұсауын кесумен басталды


Түркістанда тұсаукесер өтті

Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай ұйымдастырылған "ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР" ғылыми-практикалық конференциясы 3 альбом-каталогтың тұсауын кесумен басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


«Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» мен «Зергерлік бұйымдар топтамасы», «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдық даму тарихындағы мұрағаттар қамтылған «40 жылдық альбом», сонымен қатар ел аузында айтылып жүрген аңыз әпсаналардан жинақталған «100 аңыз» және «Жетпіс хикмет» кітаптарының тұсауын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң департаменті басқарма басшысы Тажиханов Сералы мен Қ..Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Әбдірасылов және Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы кесті.

«Түркістан жазирасының қыш ыдыстары»

Бұл ақпараттық ғылыми танымдық альбом – каталогта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі қорына 40 жылдан астам уақыт бойы жинақталған, Түркістан аймағындағы көне қалалар мен қоныстар орындарында жүргізілген археологиялық зерттеу-қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстардың ерекше үлгілері берілген. Альбом- каталог қыштан жасалған қол өнер бұйымдарының бірқатар тақырыптарын ашып тарқатуға, керамиканың хронологиялық даму кезеңдерін нақтылауға, жергілікті керамика өнерінің даму тарихының өзге аймақтармен байланысын анықтауда музей қызметкерлері мен болашақ археолог мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

«Зергерлік бұйымдар топтамасы»

Каталогта Қазақстан Республикасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қорында сақталған зергерлік әшекей бұйымдар топтамасы берілген. Каталогта зергерлік әшекей бұйымдардың жасалу технологиясын, әдіс-тәсілдерін сипаттай отырып, зергерлік әшекейлердің қолданылуы мен ерекшеліктеріне тоқталады. Каталог музей қызметкерлеріне және көпшілік оқырманға арналған.

«100 аңыз»

Кітапта әр түрлі кезеңде хатқа түскен, сондай-ақ ел ішінде ауызша айтылып келген халқымыздың аңыз-әфсаналары жинақталған. Кітап өзінің деректілігімен, бұрын соңды жарияланбаған тың мәліметтерімен құнды. Жинақ ғалым-мамандарға, оқытушыларға, жоғары оқу орнының студенттері мен жалпы көпшілік қауымға арналады.