Түркістанда УЕФА талаптарына сай стадион салынып жатыр

0
1 449

7000 адамға лайықталған алып стадионда 2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар.


Түркістанда УЕФА талаптарына сай стадион салынып жатыр

Түркістанда УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай орталық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Оны «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры салып, биыл мамыр айында аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

УЕФА-ның талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадионда 2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар. Спорт кешені пайдалануға берілген соң, бұл жерде футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Прьемер-Лига, Бірінші және Екінші Лига командаларының ойындары өтеді.

Бұдан басқа мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтетін болады. Сонымен қатар Түркістан облысының спортының дамуына үлесін қосатын "Жабық бассейні бар спорт сарайының» құрылыс жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Бассейн нысанын «Рetroleum Operafinq» компаниясы салып, ел игілігіне беруді жоспарлап отыр. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев салынып жатқан әлемдік дәрежедегі орталық стадион мен жабық бассейннің құрылысы жұмыстарымен танысып қайтты. Заманауи талаптарына сай бой түзейтін жабық бассейнде ұлттық құрама мүшелері мен облысымыздың спортшы ұл-қыздары жаттығатын болады.

Дереккөз: Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.