Түркістанда үш шыңға үш бидің есімі беріледі

0
1 562

Альпинистер 3860 метр биіктіктегі шыңға шығып, оған қазақ билерінің есімін береді.


Түркістанда үш шыңға үш бидің есімі беріледі

ERNUR.KZ. Төлеби ауданындағы үш шыңға қазақтың үш биінің есімі беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шыңды бағындыру үшін Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан өңірімізге альпинистер келді.

Оларға Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан спортшылар қосылып, 35 адам биік шыңға билеріміздің есімдері жазылған тас орнатып, ту тігетін болады.

Кеңестік кезеңен бері әр түрлі атау алып келген шыңдарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақша атаулар берілмек.

Спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу салтанаты Шымкенттегі Ордабасы алаңында өтті.