Түркістанда жалпықалалық марафон ұйымдастырылды

0
889

Жалпықалалық марафон бүгін шаһар тұрғындарының белсенді қатысуымен өтті.


Түркістанда жалпықалалық марафон ұйымдастырылды

Түркістан қаласында өткен 2,4 шақырымды марафонға Сайрам ауданы тұрғыны қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы Есімхан алаңынан бастау алған марафон мәресі сызығы Жеңіс саябағында келіп тоқтады. Марафоншылар арасынан үздік шыққан Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны Медет Жаныс мәреге алғаш жетіп, жеңімпаз атанды.

Іс-шарада қауіпсіздікті бақылаған жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі де белсенді қызмет көрсетті.

Мерекелік шараға қатысқан Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өткен іс-шараның маңыздылығына тоқталып, салауатты өмір салтын насихаттаған әрбір азаматқа алғысын білдірді.

Осы сынды шаралар қалада аумағында жыл басынан бері 160-қа жуық жарыс ұйымдастырылған, оған 118 мыңнан астам адам тартылған болатын.

Жалпықалалық марафон шаһар тұрғындарының белсенді қатысуымен өтті. Ал, жалғасы мерекелік концертпен ұласты. Концертке Қазақстан Республикасының танымал эстрада жұлдыздары қатысып, қала тұрғындарының мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, қала әкімдігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылған кешке жастардың сүйікті әншілері Зируза, Ayree, Alem band және Шымкент қаласы мен жергілікті өнер жұлдыздары өнер көрсетті.