Түркістанда жаңа халықаралық автовокзал ашылды

0
1 944

Заман талабына сай жасақталған нысан облыстағы ғана емес, еліміздегі ең үлкен автовокзалдардың бірі болмақ.


Түркістанда жаңа халықаралық автовокзал ашылды

Түркістанда халықаралық автовокзал ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жұмыс сапарымен Түркістан қаласына келген Үкімет басшысы Асқар Мамин салтанатты шараға қатысып, жаңа нысанның лентасын қиды. Автовокзалдың аумағын аралап, жұмысымен танысты.
Жаңа автовокзалдан күнделікті 15 тұрақты бағыт бойынша 50-ден астам автобус жолға шығып, Ташкент, Самарқанд, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және өзге де облыстарға, қалаларға, аудан орталықтарына арналған бағыттар бойынша халыққа қызмет көрсетеді.

Жаңа автовокзалды қала ішілік тұрақты бағыттар желісімен байланыстыру бағытында қосымша 5 қалалық жаңа бағыттың қозғалыс сызбалары бекітілген. Сондай-ақ, 7 тұрақты бағыттың қозғалыс сызбалары осы автовокзалға дейін ұзартылған.

Мұнда тегін WI-FI, дәрігерлік бөлме, ана мен бала бөлмесі, күту залы бар. 30-дан астам Түркістандық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.
Заман талабына сай жасақталған нысан облыстағы ғана емес, еліміздегі ең үлкен автовокзалдардың бірі болмақ.
Қала шетінде орналасқандықтан көшедегі көлік кептелісінде азайтады.