Түркістанда жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылды

0
421

Қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты бар.


Түркістанда жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылды

Түркістан қаласында жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында жаңа №16 автобус бағыты ашылды. Аталған автобус бағыты Баянауыл тұрғын үй алабынан Әкімшілік іскерлік орталығы аумағына дейін жүреді.


Жаңа қоғамдық көлік Түркістан автовокзалы аумағынан бастап, Есімхан даңғылы, Ж.Майкотов көшесі, Кенесары және О.Жарылқапов көшесімен жалғасады. Сондай-ақ Құмтүйін тас жолы, Еділ, Қызылорда тас жолынан өтіп, Баянауыл, Бәйшешек және соңғы аялдама - Ақниет көшелері арқылы Сауран, Бірлік, Шауғар, Отырар тұрғын алқаптарын қамтиды.


Жалпы биылғы меже бойынша қалаға тасымалдаушы мекемелер есебінен 46 жаңа автобус алу жоспарланған. Жаңа автобустар алынған жағдайда №4, 4а, 2а, 9, 9а бағыттарындағы шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары 46 автобусқа ауыстыру көзделген.


Айта кетсек, Түркістан қаласында қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 210 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 86 автобус (оның ішінде, 2022 жылы - 28) алынған.