Түркістанда жаңа музыкалық мектеп бой көтерді

0
1 872

Батыс Қазақстан облысы тарту еткен екі қабатты нысан.


Түркістанда жаңа музыкалық мектеп бой көтерді

Өмірзақ Шөкеев жаңадан бой көтерген «Ақжайық» музыкалық мектебінде болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта салынып жатқан халықаралық әуежайға барды. Жаңа әуежайдың құрылысын Түркия елінің «YDA Group» компаниясы жүргізуде. Нысанды жыл соңына дейін аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Өмірзақ Естайұлы құрылыс жұмыстарын бақылап, әуежай құрылысын сапалы әрі өз уақытында аяқтауды тапсырды. Бүгінгі таңда әуежайдың құрылыс-монтаждау жұмыстарының 75 %-ы пайызы аяқталған.

Құрылыс алаңында қазір 673 жұмысшы мен 147 бірлік техника жұмылдырылған. Жол рейстері бойынша бірінші кезекте Түркістаннан Ыстамбұл, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшақтар қатынайтын болады. Сондай-ақ, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе мен Меккеге әуе рейстері болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, өңір басшысы облыс орталығында жаңадан бой көтерген «Ақжайық» музыкалық мектебінде болды. Онда облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Батыс Қазақстан облысы тарту еткен екі қабатты музыкалық мектептің 550 орынға есептелген концерт залы, конференц залы, оркестр, хор сыныбының бөлмелерімен және саз мектептің жұмысымен таныстырды. Танысу барысында өңір басшысы жас өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Аймақ басшысы, сондай-ақ, «Rixos Turkestan» қонақ үй кешенінің құрылыс барысын бақылады. Бүгінде қонақ үйдің қасбет және абаттандыру жұмыстары, ішкі әрлеу, салқындатқыш жүйесі, инженерлік желілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысына 340 жұмысшы жұмылдырылып, екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған.