Түркістанда жаңа және дәстүрлі медианың заманауи моделдері талқылануда

0
1 444

Түркістанда өткен форумда журналистер басқосты.


Түркістанда жаңа және дәстүрлі медианың заманауи моделдері талқылануда

Түркістанда «Turkistan open media forum» жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты форум өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Форумда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, форумның жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан Журналисттер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев Журналистер шенеуніктермен қолтықтасып жүрмеу керектігін айтып, қоғамдағы ашықтықты насихаттауға шақырды.
«Журналистерден басқа қоғамда ашық пікір айтатын институт жоқ. Билік бізбен санасады, халық бізді тыңдайды», - деді С.Матаев.
Қазақстан Журналисттер Одағының Тараз, Шымкент, Қызылорда, Түркістан филиалдары өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
«Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай ардагер журналисттерге шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Форумда жазушы, журналист Мархабат Байғұт, «Заң медиа» ЖШС бас директоры Досымбек Қонысбек, «Отырар» медиахолдингінің директоры Әйгерім Жұмағұлова, «Оңтүстік рабат» газетінің редакторы Жәнібек Нұрыш, Жамбыл облыстық «Арай» газетінің бас редакторы Дәулет Төленді «жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» тақырыбында ой толғады.
«Фейк жаңалықтар индустриясы: зардабымен күресу жолдары» тақырыбы да жан-жақты талқыланды.