Түркістанда жаңа желілік саябақ салынып жатыр

0
2 230

70 адам мен 10 техника жұмылдырылған.


Түркістанда жаңа желілік саябақ салынып жатыр

Түркістанда жаңа саябақтың құрылысы басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рашид Абатұлы Ж. Майкотов көшесінің бір жақ бетінде құрылысы басталған желілік саябақ жобасын көрді.

Аталған аумақ тұрғындарына ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатындағы демалыс орны ақпан айының басында басталған болатын. Жоба бойынша көктемде аяқталуы жоспарланған. Одан өзге, модульді орталық маңында жаңа саябақ салу бойынша да бірқатар тапсырма берілген. Рашид Абатұлы "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысына жұмыстың бәсеңдігі бойынша қатаң ескерту беріп, жұмысты ширатуды тапсырды.

Ал, 28 га құрайтын қалалық саябақта (дендропарк) 12000 ағаш отырғызу жоспарланса, қазірде оның 7 мыңы егіліп тұр. Сондай-ақ, түрлі гүлдер мен көгал да аумақтың ажарын ашуға негіз болмақ.

"Жібек жолы" саябағы жанында құрылысы жүріп жатқан "Yassy Village” коттеджді қалашық құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. 2020 жылдың наурызында құрылысы басталған нысан екі кезең бойынша жүргізіледі. Жалпы, жұмысқа 70 адам мен 10 техника жұмылдырылған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет