Түркістанда жол апатынан 4 адам қаза тапты

0
277

Жол апатының салдарынан 3 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, 1 адам ауруханада көз жұмған.


Түркістанда жол апатынан 4 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Келес ауданында 23.05.2019 жылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Аталмыш жайт, Келес АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тіркеуге алынды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Полицейлердің анықтауы бойынша, «Жетісай-Жібек жолы» бойында жол апаты орын алып, Шымкент бағытына қарай бет алған «Ауди-100» маркалы көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Киа» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан 3 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, 1 адам ауруханада көз жұмды. «Киа» маркалы автокөлігіндегі 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті азамат қамауға алынды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет