Түркістанда жылу-энергетикалық орталық салынады

0
485

Түркістан қаласы толықтай жылу және электр қуатымен қамтылатын болады.


Түркістанда жылу-энергетикалық орталық салынады

Түркістанда Жылу-энергетикалық орталығы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікпен Жылу-энергетикалық орталығы салынады. Бюджет есебінен техникалық-экономикалық негіздемесі және жобалау-металық құжаттамасы әзірленуде. Инвестиция көлемі 36,5 млрд.теңге. Іске асыру мерзімі 2021-2023 жылдар. Құрылыс барысында 450 жаңа жұмыс оры құрылады. Нәтижесінде, Түркістан қаласы толық жылу және электр қуатымен қамтылатын болады.


2021 жылы автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 35,2 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 621 нысан немесе 1,7 мың км жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 553 нысан немесе 1,1 мың км пайдалануға беріліп, қанағатты жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 87% жеткізу жоспарлануда (2020 ж. 79%).


Құрылыс жұмыстарының көлемі 148,1 млрд. теңгені құрап, 23,9%-ға артты. Бұл республикада 2- көрсеткіш. Жыл қорытындысымен 305,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. 363,6 мың шаршы мер тұрғын үй (2 712 пәтер) пайдалануға беріліп, 11,5%-ға артты. Жылдық жоспар 790 мың шаршы метр.


2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында бюджеттен 118 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 47,3 млрд.теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша жалпы 85 көпқабатты тұрғын үй немесе 328,3 мың шаршы метр пайдалануға тапсыру жоспарлануда. 5 229 отбасы баспаналы болады, оның ішінде 708 пәтер – әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, 1 103 пәтер – аз қамтылған көп балалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз берілсе, 3 418 пәтер – әлеуметтік кредиттік пәтерлер ретінде жеңілдетілген бағамен сатылатын болады.