Түркістанда зияткерлік мектептердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті

0
795

Ауқымды педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта қатысса, 3500 ұстаз қашықтан қосылды.


Түркістанда зияткерлік мектептердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті

Зияткерлік мектептердің дәстүрлі Тамыз конференциясы – киелі Түркістанда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін «Кәсіби оқыту қоғамдастығының дамуы: сапа мен тиімділік» атты NIS-тің жыл сайынғы Тамыз конференциясы Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын тапты. Ауқымды педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта қатысса, 3500 ұстаз қашықтан қосылды.

Ресми ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысушыларды NIS-тің 15 жылдығымен құттықтап, жаңа оқу жылының басты басымдықтарын «Кәсіби оқыту қауымдастығын құру арқылы NIS болашағын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасында айқындады.


«Алдағы академиялық жылда 2 негізгі бағыт – жаңартылған бағдарлама және когнитивті емес дағдыларды бағалауды бастаймыз. Бұл қалыптасқан машықтан құзыреттілікке көшуге, оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялауға негізделген. Жалпы тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру – жаңа оқу жылындағы ең маңызды міндеттердің бірі», - деді ол өз сөзінде.


Сондай-ақ, Тамыз кеңесінде оқушыларға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында айрықша рөл атқарып жүрген Зияткерлік мектептердің 130 ұстазы мен қызметкері «15 жыл – 15 номинация» аясында арнайы құрмет грамоталарын иеленіп, алғысхаттармен марапатталды.

Айта кетейік, зияткерлік мектептердің Тамыз конференциясы Түркістан қаласында 21-22 тамыз аралығында өтті. Екі күн бойы NIS педагогтері тақырыптық және тәжірибелік алаңдарда біліктілігін арттырып, пікір алмасып, жаңа оқу жылындағы жаңалықтар мен дайындықтарды сараптады.