Түркістандағы айып тұрағы талапқа сай келмейді

0
930

Түркістан қаласы әкімінің қаулысы бектілгенімен, әлі күнге дейін нақты іс-шаралар атқарылмаған.


Түркістандағы айып тұрағы талапқа сай келмейді

Түркістан қаласындағы айып тұрағына монитиорингтік жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облыс орталығындағы көлік құралдарын уақытша сақтауға арналған арнайы учаскіге кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылардың көліктері және жол-көлік апатына ұшыраған автомобильдердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету.

Мониторинг барысында айып тұрағының талапқа сай келмейтіндігі және қауіпсіздік шараларының қатаң сақталмағандығы белгілі болды. Атап айтсақ, бақылау жұмыстары кезінде аталмыш тұрақтың арнайы өрт сөндіру қалқандарымен қамтамасыз етілмегендігі мен автокөліктердің ретсіз орналасу деректері, сондай-ақ тұрақ аумағының құрылысқа қажетті заттар мен қоқыс үйінділеріне толы екендігі мәлім болды.

Ал, жауапты маман «Түркістан жарық – тазалық» ЖШС қызметкері Бекайдар Илясовтың айтуынша, 2018 жылы Түркістан қаласы әкімінің қаулысы бектілгенімен, әлі күнге дейін нақты іс-шаралар атқарылмаған.

Бір күндік мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде анықталған кемшіліктер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің назарына алынып, Түркістан қаласы әкімдігіне қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды.

Айта кетсек, қала тұрғындарының көліктері айып тұрағында ақысыз түрде орналасып, бейнебақылау камералары арқылы бақыланып отырады. Егер де, Сіз қандай да бір ақы талап ету деректеріне куә болсаңыз, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тәулік бойы тегін қызмет ететін 1424 сенім телефонына қоңырау шалуыңызға немесе «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің +7 747 263 83 63 (Whatsapp) нөміріне хабардар етуіңізге болады.