​Түркістандағы бас шыршаның шамдары жанды

0
1 063

Түркістандық бүлдіршіндермен бірге аймақ басшысы Есім хан алаңының қақ ортасында орналасқан ұзыдығы 20 метрлік алып шыршаның жарығын жақты.


​Түркістандағы бас шыршаның шамдары жанды

Түркістанда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен бүлдіршіндер көздің жауын алатын Жаңа жылдық шыршаның жарығын жақты,деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістандық бүлдіршіндермен бірге аймақ басшысы Есім хан алаңының қақ ортасында орналасқан ұзыдығы 20 метрлік алып шыршаның жарығын жақты. Жиналған көпшілікті жаңа жыл мерекесімен құттықтаған Жансейіт Қансейітұлы өткен жылдың қойнауына енгелі тұрған 2018 жылдың Түркістан қаласы үшін тарихи жыл болғандығын ерекшеатап өтті.

«Елбасы Жарлығымен жаңа облыс құрылып, орталығыТүркістан қаласы болып бекітілді. Тарихқа тағы да із қалдыру мақсатында түркі дүниесінің орталығы атанған шаһарды түлету міндеті тұр. Жаңа 2019 жылбаршамыз үшін айрықша жыл болмақ. Тұран даласы әлі де беймәлім құнды жәдігерлерге бай. Жастар жылына орай барлық жастарды археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырмақпыз. Жаңа жылда биік белестерді бағындырып,толайым табыстарға қол жеткізейік», - деді өңір басшысы.

Болашақта киелі қаланы рухани-мәдени тұрғыда дамыту мен миллиондық қалаға айналдыруға шақырған облыс әкіміжеткіншектермен естелік суретке түсіп, бұл фотосуреттердің он тіпті жиырма жыл өткенде алаңда көрмеге қойылатынын тілге тиек етті.

Шыршаның безендірілуіне 3300-ге тарта арнайы шарлар пайдаланылған. Сонымен қатар, қосымша 8 метрлік кіші шыршалар да бар. Ал, олар 300 дана шармен безендірілген.Орталық алаңды жарықтандыруға 4270 метр диодты жарық шамдар (гирлянда) орнатылған. Сондай-ақ, қала аумағындағы саябақтар мен аллеяларға 160 дана кіші архитектуралық формалар қойылды.