Түркістандағы дәріханалар дәрі-дәрмекпен толығады

0
848

Шаһар басшысы COVID-19 індетін жұқтырғаны расталып, жедел-жәрдеммен Кентау қаласындағы госпитальға жатқызылды.


Түркістандағы дәріханалар дәрі-дәрмекпен толығады

Қала басшысы Ләйла Сұлтанқызымен тікелей байланысқа шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы журналист Ләйла Сұлтанқызымен тікелей эфир арқылы байланысқанда тұрғындар тарапынан дәріханаларда дәрі тапшылығы бар екені жайлы сауал қойылған еді. Анық болғандай, дәріханалар осы аптаның сәрсенбі және сенбі күндері "Зерде", "Atamiras", "Ақниет" сынды т.б фирмалар тарапынан қажетті дәрі-дәрмектермен толығады. Айта кететін жайт, Түркістан облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (СЭС) қарасты Фарм бақылау бөліміне дәрілердің бағасы мен сапасын қадағалау мен тұрақтандыру бойынша қала әкімдігі тарапынан хат жолданды.

Жалпы, қазіргі таңда шаһар басшысы COVID-19 індетін жұқтырғаны расталып, жедел-жәрдеммен Кентау қаласындағы госпитальға жатқызылды. Коронавирус індеті симптомымен ауырып, қазірде дене қызуы 40 градус температураны көрсетіп тұр. 14 күннен 21 күнге дейін оқшаулануы ықтимал. Сол себепті, ресми түрде еңбекке жарамсыздығы бойынша уақытша демалыста.

Рашид Аюпов бұған дейін Түркістан қалалық орталық ауруханасында бір күн ем алып, одан әрі үй жағдайында оқшауланған болатын.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша коронавирус расталған азаматтар саны 271, оның 92-сі жазылып шыққан.