Түркістандағы «Достық үйі» биыл пайдалануға беріледі

0
154

«Достық үйі» – бұл біздің қоғамда орныққан үйлесім мен берік бейбітшілікті бейнелейтін символдық нышан.


Түркістандағы «Достық үйі» биыл пайдалануға беріледі

Түркістандағы «Достық үйі» ғимараты биыл пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынып жатқан жаңа нысан биыл қазан айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс алаңында болып, мердігерлерге нысанның құрылысына қатысты тапсырма берді.


«Достық үйі» – бұл біздің қоғамда орныққан үйлесім мен берік бейбітшілікті бейнелейтін символдық нышан. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан ғимаратқа арнайы жер телімі бөлінді. 4 қабатты нысанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты тақырыптық ішкі әрлеу жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылады. Бүгінгі таңда қазаншұңқыр құю – 100%, бетон астын құю жұмыстары – 100%-ға атқарылған.


Айта кетейік, өңірде 50-ден аса этностың өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілікте, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Түркістан облысында мемлекеттің өркендеуіне үлес қосып, қазақстандық толеранттылық үлгісін көпке паш етуде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде.