Түркістандағы екі мөлтек аудан абаттандырылады

0
585

9 подстанция жөндеуден өтіп жатыр.


Түркістандағы екі мөлтек аудан абаттандырылады

Түркістандағы екі мөлтек ауданда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы бірінші және екінші мөлтек аудан толық абаттандырылып, жолдары жаңартылады. Атап өтсек, аяқжолдар жүргізіліп, автотұрақтар жасақталады.


Сонымен қатар, қоқыс тастайтын контейнерлер жаңарып, саны артады. Балалар ойын алаңшалары да, арнайы стрит-воркауттар да тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілетін болады. Қазіргі таңда мұндағы 9 подстанция жөндеуден өтіп жатыр.


Мұнда басталған жұмыстарды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы барып бақылады. Тиісті ескертулер жасалып, тапсырмалар берілді.