Түркістандағы жиһаз фабрикасы жұмыссыздардың қатарын азайтады

0
2 806

Түркістанда «Гранд микс» жиһаз фабрикасы 170 млн теңгенің өнімін өндіруде және Түркістандағы индустриалды аймақта ораналасқан жиһаз жасайтын фабрикадан басқа өзге де өндіріс ошақта­рының жұмысы қарқынды дамып жатыр.


Түркістандағы жиһаз фабрикасы жұмыссыздардың қатарын азайтады

Соңғы уақытта Түркістан облысында әсіресе, жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласының өзінде көптеген келелі іс қолға алынып, жұмыстары жандана түсті. Айталық, таяуда Түркістанда Мegacity ойын-сауық кешені ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда «Гранд микс» жиһаз фабрикасы 170 млн теңгенің өнімін өндіруде және Түркістандағы индустриалды аймақта ораналасқан жиһаз жасайтын фабрикадан басқа өзге де өндіріс ошақта­рының жұмысы қарқынды дамып жатыр деп талай жағымды жаңалықтарды тізіп жалғас­тыра беруге болады. Бұл туралы облыс әкі­мінің облыс орталығындағы бірқатар нысан­дарды аралау кезінде белгілі болды. Әрине, мұның бірқатары бұрындары да жұмысын жасап келе жатқан нысандар болғанымен, соңғы елді қуантқан жағымды жаңалық – Түркістанның жаңа облыс атануы және көне қаланың орталық болуының септігі ерекше тиіп жатқаны бесенеден белгілі. Айналып келгенде, мұның бәрі Түркістанды қайта түлетуге арналған Елбасының тапсырмасына сәйкес орындалып жатыр және барша қазақ жұртының жаңа облыстың дамуынан үлкен үміт күтіп отырғанынан туындап та отыр.

Түркістан облысының басшысы Жансейіт Түймебаев алдымен, ірі және шағын зауыттар мен басқа да түрлі өндіріс орындары орын тепкен «Түркістан ин­дустриалды аймағындағы» «Гранд микс» жиһаз фабрикасына барды. Қазақстанның көптеген аймағын жиһазбен қам­тамасыз етіп отырған жобаның жалпы құны – 364 млн теңге. 120 адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс оша­ғының жалпы аумағы 1,8 гектарды құрайды. Аталған жоба жылына 150-170 млн теңгенің дайын өнімін өндіреді. Қазір фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін дайындауда. Негізі шикізат Ресейден алы­нады. Нысанның жұмысымен танысқан облыс басшысы алдағы уақытта өнім көлемін еселей түсуді тапсырды.

Одан кейін Жансейіт Қансейітұлы құрылысы қарқынды салынып жатқан Megacity ойын-сауық кешенінің жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрлік нысанның жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Кешеннің атқарушы директоры Азамат Мамед­жановтың айтуынша, кешенде алып супермаркеттер, киім дүкендері, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатр орналаспақ. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту ретінде нысан биылғы желтоқсан айында есігін ашатын болады. «Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсететін болады. Бес қабатты кешеннің әр қабатында түрлі бөлімдер орналасады» деді Азамат Мамеджанов.