​Түркістандағы жоғары оқу орны түлектерге 500 грант бөлді

0
1 828

Грант көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға арналған.


​Түркістандағы жоғары оқу орны түлектерге 500 грант бөлді

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ қосымша 500 білім грантын жариялады. Қазіргі кезде оқу орнындағы қабылдау комиссиясы талапкерлерден құжат қабылдап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Ө.Үмбетов пен қабылдау комиссиясының өкілі Еділ Төлеген айтып өтті.

Қосымша 500 білім грантына Қазақстан Республикасы аумағындағы мектеп бітіруші түлектер қатыса алады.

Ең бастысы, ҰБТ-дан шекті балды иеленген болуы тиіс. Бұл білім грантына ие болған жастарды оқу орны жатақханамен және әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға арналған ҚР Ұлттық қорынан бөлінген грантқа да құжаттар қабылдануда. Бұл бағытта оқу орнына 294 грант бөлінген.Осыған сəйкес қазіргі таңда 21 білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерден құжаттар қабылдау жүріп жатыр.