Түркістанды түлетуде жергілікті құрылыс материалдарының үлесі мол

0
1 048

Киелі өңірде құрылыс материалдарын өндіретін 8 мекеме жұмыс жасайды. Қаладағы өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 14 пайызы осы өндіріс орындарына тиесілі.


Түркістанды түлетуде жергілікті құрылыс материалдарының үлесі мол

Облыс орталығы атанғанына бір жылға жуықтаған Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны үдей түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қысқы мезгілдің өзінде ауа райының қолайлылығы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға септігін тигізді. Қазіргі таңда өзге облыстардың рухани астанаға тартуы, облыстық әкімшілік іскерлік орталық, медиа орталық сынды ғимараттар бой көтеруде.

Құрылыс барысында жергілікті құрылыс материалдарына деген сұраныс артқан. Киелі өңірде құрылыс материалдарын өндіретін 8 мекеме жұмыс жасайды. Қаладағы өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 14 пайызы осы өндіріс орындарына тиесілі. «Түркістанда жасалған» жергілікті өнімді қолдануды жолға қойған компаниялар сапа мен баға үйлесіміне мән беріп отыр.

Бүгінде кірпіш өндіруші «Түркістан трасса» ЖШС-нің өнімдеріне сұраныс жоғары. Шағын зауытта жылына 10 млн дана кірпіш шығарылады. «Отырар» мөлтек ауданында бой түзеген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бірнеше мердігер мекемелер дәл осы кірпіштерді қолдануда.

«Азрет жол кұрылыс» ЖШС да қала көшелерінің орташа және күрделі жөндеу жұмыстарына өз өнімін ұсынып отыр. Атап айтсақ – арықшалар (латок), жол бардюрі, аяқжол бардюрі. Жарық сәулелі әуенді субұрқақ салып жатқан нұр-сұлтандық «МК корпорейшн» компаниясы да "Яссы Кұрылыс" ЖШС-ның дайын аралас бетон өнімдерін пайдалануда.