​Түркістандық 63 дәрігер шетелде біліктілігін арттырып келді

0
1 760

Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылды.


​Түркістандық 63 дәрігер шетелде біліктілігін арттырып келді

Түркістан облысының дәрігерлері Корея, Ресей, Мәскеу, Новсибирск, Санкт-Петербург, Израиль, Өзбекстан елдерінің клиникаларында біліктіліктерін арттырып келуде. Бүгінге дейін 63 маман бұл бағытта арнайы курстардан өткен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ал, жыл басынан бері облыстық деңгейде 4350 маман, республикалық деңгейде 1716 маман біліктілігін арттырған. Сонымен қатар, ауылдар мен аудан орталықтарында реаниматолог, педиатр, неонатолог, лаборант мамандары тапшылық тудыруда.

Басқарма башысы облыстағы жедел жәрдем мәселесін шешуде мемлекеттік жекенменшік әріптестік аясында инвесторлар тарту ісі қолға алынып жатқандығын жеткізді.

- Біздің талабымыз бойынша 150 автокөлікпен қамту керек. Осы жоба іске асқанда облыстағы жедел-жәрдем мәселесін толық шешеміз, – деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2018 жылы облыста 15 ауылдық емхана мен 5 дәрігерлік амбулатория 20 Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) болып қайта құрылған. Сонымен қатар, Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылып, облыстық бюджет есебінен 3 компьютерлік томограф сатып алынды.