​Түркістандық «АRMAN ARENA-да» жастар жеңіске жетуге шынығып жүр

0
1 911

Спорттық кешенді жеке кәсіпкер салып берген.


​Түркістандық «АRMAN ARENA-да» жастар жеңіске жетуге шынығып жүр

Түркістан облысындағы «АRMAN ARENA» спорт кешенінде шыныққан жастар республикалық байқауларда топ жарып жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Спорт соңғы уақыта қарқынды дамып келе жатқан сала. Осы орайда Түркістан облысы көлемінде ауыл, аудандарда көптеген спорттық нысандар көтеріліп, ел игілігіне берілуде. Соның бірі Түркістан облысы, Сайрам ауданында орналасқан «АRMAN ARENA» спорт кешені.

2018 жыдың қыркүйек айында берілген спорт кешенінде футбол, кіші футбол түрлеріне жастарды тартып, шынықтырады. Жалпы сыйымдылығы 60 адамға шақталған. Спорт кешенінде киім ауыстыру бөлмесі, жуыну орны келушілерге барлық жағдай жасалған.

Алдағы уақытта спорт нысанында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балалар мен жасөспірімдерге тегін үйірме ашу жоспарланған. Аталған кешен жеке кәсіпкер Нұрғали Тәжібаевтың жеке қаражаты есебінен салынған.

Мұнда жаттықан командалар облыстық чемпионатта үлкен футболдан чемпион болып, жақында өткен республикалық «Кока-кола» турнирінде 1 орынды иеленгенін де айта кету керек. Қазіргі кезде Түркістан облысындағы Сайрам ауданы бойынша жалпы саны 16 спорт кешені жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің есебінен 2 нысанның құрылысы жүріп жатыр.