Түркістандық ауданға 14 мыңға жуық турист келген

0
1 650

Келген туристердің арасында шет ел азаматтары да бар.


Түркістандық ауданға 14 мыңға жуық турист келген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түлкібас ауданында туризм саласы даму үстінде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Түркістан облысы түлкібас ауданы «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» жол бойында ірі жобалардың құрылысы болып жатыр. Олар:

«Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны 346 млн.теңге, сыйымдылығы 100 орын және жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған.

● «Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны 150 млн.теңге, сыйымдылығы 50 орын, ол жерде жаңадан 12 жұмыс орны ашылады.

● «Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау, жобаның жалпы құны 76 млн.теңгемжәне сыйымдылығы 30 орын.

Табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында:

«Жайлау» емдеу, сауықтыру орталығы. Жобаның жалпы құны 347 млн. теңге, сыйымдылығы 100 орын жіне жаңадан 50 жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жоба 2019 жылы іске асып, 2000 туристі қамтитын болады.

Саумалмен емдеу орталығы «Нұрлыхан» ШҚ. Жобаның жалпы құны 340 млн. теңге, ал сыйымдылығы 50 орын. 2019 жылы іске асатын жоба 1500 туристі қамти алады және жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.

● Сиымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы. Жобаның жалпы құны 417 млн теңге және жаңадан 30 адамға жұмыс орны ашылады.

Айта кетейік, 2018 жылы Түркістан облысы Түлкібас ауданына 13628 турист келген, оның ішінде 683-і шет ел азаматтары. Ауданда көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылған.

дереккөз: Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі