Түркістандық аурухана 11 жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

0
821

Облыстық мәслихат депутаты демеушілік жасады.


Түркістандық аурухана 11 жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

Жетісай орталық ауруханасы 11 жасанды тыныс алу аппаратымен толықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданында «Nur Otan» партиясының «Өмір» және «Шипа» жобалары кезекті рет жүзеге асырылды. Аталған акциялар аясында бүгінге дейін өңірдегі ауруғаналарға медициналық препараттар табысталып, тұрғындарға дәрі-дәрмек үлестіріліп келеді. Ал бүгін, Жетісай аудандық ауруханасы 11 дана жасанды тыныс алу аппаратымен толықты. Медициналық құрылғы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішовтің жеке қаржысына сатылып алынған.

Демеуші тарапынан табысталған аппараттарды орталық ауруханаға салтанатты түрде табыстау рәсімінде Жетісай ауданының басшылығы мен орталық аурухананың бас дәрігері Н.Жолдасбеков аудан халқының атынан жомарт жан Нұралы Әлмаханұлына алғыс білдірді.

Айта кетсек, бүгінге дейін аудандық ауруханаға пандемия белең алған уақытта демеушілер есебінен 12 дана жасанды тыныс алу аппараты жеткізілген болатын. Аталған емхана негізінен аурухана 310 орынға арналған. Қазіргі уақытта жалпы 8 мыңға жуық халқы бар Жетісай ауданы үшін 1194 медицина маманы қызмет көрсетіп жатыр.