Түркістандық автобус жүргізушілері 3 күнде 660 рет ереже бұзған

0
388

«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының үш күнінде тәртіп сақшылары көптеген құқықбұзушылықтарды анықтаған.


Түркістандық автобус жүргізушілері 3 күнде 660 рет ереже бұзған

Түркістан облысының полицейлері «Автобус» жедел алдын алу іс шарасы барысында 660 жол жүру ережесін бұзғандарды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 2019 жылдың 17-19 қаңтар аралығында облыс аумағында өткізілген «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Іс-шараның мақсаты – жол жүру қауіпсіздігін және ЖЖЕ сақтауды, жол апаттарын азайту, жолаушылар автотранспортының жүргізушілерімен болатын жол жүру ережелері бұзушылығын және басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау.

«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының үш күнінде тәртіп сақшылары 660 әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады, оның 30 жайты жолаушыларды тасымалдау және ережесін бұзу, ал 44-і заңсыз автотранспорт құралдарын рұқсатсыз пайдалану.

Полицейлер автокөлікті басқаруда телефон қолданған 218, маневрлік ережелерді бұзған 114, жылдамдықты арттырған 59, жолдың қарсы бетіне шыққан 1, міндетті техникалық байқаудан өтпеген 98 ЖЖЕ бұзушыларды әкімшілік жауапткершілікке тартқан. Сондай-ақ, рейдтік іс-шара барысында полицейлер 2 еңбек және демалыс тәртібін бұзған жайттарды, 4 рейстік алдын ала және медициналық қараудан өтпеген, 34 сақтандыру полисі құжатынсыз автокөлікті басқарған жайттарды анықтады.

дереккөз: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет