Түркістандық азамат бұрын баққан малын ұрлаған

0
557

Күдікті 3 ай бұрын жәбірленушінің малын баққан.


Түркістандық азамат бұрын баққан малын ұрлаған

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның малын ұрлап кеткен бұрынғы қойшыны ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, жайылымдық алқапта жүрген малдарының ішінен 1 бас қойын белгісіз азамат ұрлап кеткен. Осылайша оған 50 000 теңгеге жуық шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.


Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетіп, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білген куәгерлерден сұрастырады. Осындай жүргізілген тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде, малды ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстайды. Ол бұдан алдын сотты болған, жәбірленушінің бұрынғы қойшысы болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.


Белгілі болғандай, осыдан 3 ай алдын күдікті жәбірленушінің малын баққан. Содан соң басқа азаматтың малын бағамын деп ауысып кеткен. Осылайша жайылымдық жерде біреудің малын бағып жүрген кезінде бұрынғы жұмыс берушісінің 1 бас қойын өзінің малына қосып алған. Арада біршама уақыт өткен соң оны сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген.