Түркістандық азамат көлігін онлайн тіркеу арқылы жүлде ұтып алды

0
830

Байқау шарты бойынша қатысушылар өз көліктерін 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталында онлайн тіркеуі тиіс болған.


Түркістандық азамат көлігін онлайн тіркеу арқылы жүлде ұтып алды

«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілер арасында өткен «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек» атты байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ұтыс ойыны елордалық мамандандырылған ХҚО-да өтіп, корпорацияның ресми Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді және 4 696 адам қатысқан бұл шара осыған дейін өткізілген барлық байқаулардың ішіндегі ең ауқымдысы болды.

Атап айтсақ, байқаудың басты демеушісі – Aster Auto ұсынған жүлделер автоәуесқойлар үшін нағыз пайдалы сыйлықтар болған. Олардың арасында дөңгелектер жиынтығы, сақтандыру полисі, көлік жуу абонементі (автокөлікті химиялық тазалау), бейнетіркегіш, май ауыстыру және толық баг жанар-жағармайға талон бар.

Байқау нәтижесінде, ЖСН-ның кездейсоқ генерациясы әдісімен түркістандық Серік Сұлтанов жүлдегер атанды.

«Мен үшін бұл нағыз тосынсый болды. Ұйымдастырушылар қоңырау шалып, сіз бас жүлдені ұтып алдыңыз дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Мен үшін көлігімді еш қиындықсыз, жылдам, бірнеше минутта онлайн тіркегеннің өзі сыйлық еді. Ұйымдастырушыларға осындай пайдалы жүлде үшін рақмет айтқым келеді. Енді барлық қызметті тек онлайн әдіспен аламын», – деп түркістандық Серік Сұлтановөз қуанышымен бөлісті.

Айта кетейік, бұл «Азаматтарға арналған үкімет» өткізетін жалғыз байқау емес. Мысалы, 13 тамызда жаңа босанған аналар арасында өтетін «Анаға цифрлық көмек» атты байқау туралы жариялаған болатынбыз. Байқау шарты бойынша ата-аналар бала туу жөніндегі жәрдемақыға өтінішті онлайн рәсімдеп, балаларға арналған тауарлардың иесі атана алады.