Түркістандық азамат өгей шешесі мен оның 90-нан асқан анасын ұрып-соғып, қашып кеткен (видео)

0
2 137

90 жастан асқан әжей мен әйел кісіні аямай ұрып-соққан азаматқа іздеу салынды.


Түркістандық азамат өгей шешесі мен оның 90-нан асқан анасын ұрып-соғып, қашып кеткен (видео)

фото: inform.kz

Түркістан облысы Келес ауданында екі әйелді ұрып-соққан күдіктіге іздеу салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 15 тамызында Келес аудандық полиция бөлімшесіне екі әйелдің тән жарақатымен ауруханаға түскені хабарланған. Ал, тәртіп сақшылары оқиға орнына тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні барып, түркістандық азаматтың өгей шешесі мен оның анасын сабап, қашып кеткенін анықтаған. Енді, Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері екі әйелді ұрып-соққан азаматқа іздеу салып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зақым келтіру» және 149-бабы «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр және онда оқиғаның мән-жайы анықталады. Ал, күдіктіге іздеу салынды», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің хабарламасында.