Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында топ жарды

0
395

Жарысқа 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтті.


Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында топ жарды

Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында Түркістан облысының балуан қыздары топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Семей қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әйелдер күресінен кезекті рет Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл ретте, Түркістан облысының намысын жоғары деңгейде қорғап қайтқан облыс құрамасы жоғары жетістіктерге қол жеткізді.


57 келіде күрескен Жасмин Искандарова мен 53 келі салмақта өнер көрсеткен тағы бір талантты жерлесіміз Эльмира Сапарбекова алтын медаль жеңіп алды. Боз кілемде шеберліктерін көрсеткен 40 келідегі Ұлбосын Лесбек пен 73 келіде белдескен Зейнеп Эламас күміс жүлдегер атанды.


Сонымен қатар, қола жүлде алғандар арасында 46 келідегі Матхия Усманова, 69 келіде күрескен Ақбота Кадир мен 73 келіде сынға түскен Балжан Таспанбетова да жүлдегер болды. Жалпы жүлде саны бойынша Түркістан облысының дарынды балуандары командалық есепте бірінші жүлдеге ие болды.