Түркістандық балуандар үздіктер қатарынан көрінді

0
539

Күрес түрлерінен ҚР VI Жазғы Спартакиадасында әйелдер күресінен де мықтылар анықталды.


Түркістандық балуандар үздіктер қатарынан көрінді

Түркістанның балуан қыздары командалық есепте үшінші орын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Күрес түрлерінен ҚР VI Жазғы Спартакиадасында әйелдер күресінен де мықтылар анықталды. Түркістан облысының бұрымды балуандары 113 ұпай жинап, жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді. Бұл сында 115 ұпай еншілеген Ақмола облысының саңлақтары екінші, ал, Алматы облысы командасы 144 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.


Бүгінгі бәсекеде түркістандық балуандар қатарында 57 келіде Нилуфар Раймова алтын медаль иеленді. Ал 65 келіде күш сынасқан Дариға Әбен күміс медаль еншілесе, қола жүлдеге 68 келіде Шәмшиябану Тастанбек пен 59 келіде Данагүл Мәлкен қол жеткізді.