Түркістандық бизнес орталығы «Жасыл кеңсе» конкурсында жүлдегер атанды

0
608

Байқауды «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» өткізді.


Түркістандық бизнес орталығы «Жасыл кеңсе» конкурсында жүлдегер атанды

Нұр - Сұлтан қаласында III республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 22 қазанында Нұр - Сұлтан қаласында III республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауды «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» өткізді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі де игі бастамаға қолдау көрсетті.


Конкурстың мақсаты – экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттау, ғимараттардың экологиялық талаптарды сақтауын және үздік технологиялық шешімдерді қолдануын жандандыру, экологиялық жауапты ұйымдарды дәріптеу.


Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы жылдың 15 сәуірі мен 15 қыркүйегі аралығына дейін 10 аталым бойынша қабылданды. Атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер және өзге де сала мекемелері арасында сайыс өтті. Конкурсқа 100–ден аса өтініш келіп түсті. Байқау комиссиясы 30 үздікті анықтады.


Марапаттау рәсіміне рәсіміне ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі мен ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдері, «Nur Otan» партиясының экологиялық кеңесінің төрағасы Е.Абаканов, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диана Дигол, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қаумдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы А.Соловьева, G-Global халықаралық хатшылығы басшысы С.Нөгербеков, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының басшылығы қатысты. Үздіктерге жеңімпаз дипломдары мен «Green office» арнайы белгілері тапсырылды. Жеңімпаздар қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ұйымдары көп болды. Сонымен бірге бірнеше облыстан да жеңімпаздар марапатталды. Олардың арасында Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы "Мечта Маркет» ЖШС-нің басшысы М.Бекжановқа марапат тапсырылды. Ол басқаратын ұжым бизнес орталықтар мен сауда орталықтары арасында үздіктер қатарынан көрінді.