Түркістандық боксшы қыздар ел чемпионатынан 5 медаль еншіледі

0
785

Азия, әлем біріншіліктерінде еліміздің намысын қорғайтын болады.


Түркістандық боксшы қыздар ел чемпионатынан 5 медаль еншіледі

Түркістан облысының бұрымды боксшылары чемпионаттан 5 медальмен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қостанай қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тартысты өткен сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған арулар 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.


Атап өтсек, 66 келіде Айсұлу Мұхитқа тең келер қарсылас болмады. Ол өз салмағында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал 52 келіде бақ сынаған Нұрай Күнгейбай мен 63 келідегі Еркеназ Сейтбек күміс жүлдеге иелік етті. 46 келіде Аруна Жетпіс пен 70 келідегі Назерке Мақұлбекова қола жүлдегер атанды.


Ел чемпионатында жеңімпаз атанған бұрымдылар ұлттық құрама сапына алынып, алдағы уақытта Азия, әлем біріншіліктерінде еліміздің намысын қорғайтын болады.