Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

0
592

6 алтын, 7 күміс және 8 қола еншіледі.


Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Иордания астанасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 6 алтын, 7 күміс және 8 қола еншілеп, жалпы есепте бірінші оырнға ие болды. Ортақ жеңіске Түркістан облысының спортшылары да үлес қосты.


51 келіде Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанса, 86 келіде Сағындық Тоғамбай қола медаль джеңіп алды.


Тағы бір айта кетерлігі, 48 келіде Азия чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай Түркістан облысы, Келес ауданында дүниеге келген. Бүгінде Астанада тұрады. Ол финалда жапон спортшысымен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. Талантты спортшы финалға дейін Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістан спортшыларын жеңген болатын.