Түркістандық дәрігерлер балаларға қуаныш сыйлады

0
962

Облыс бойынша 2 мыңға жуық бала қаралды.


Түркістандық дәрігерлер балаларға қуаныш сыйлады

Түркістан облысының дәрігерлері мереке күні балаларға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Балаларды қорғау күні мерекесі күнінде Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелерде балаларға ашық есік күні мен мерекелік іс-шаралар өткізілді.


Түркістан облысының педиатр, онколог, кардиохирург, кардиолог, сурдолог, хирург, уролог, нейрохирург, травматолог- ортопед, ЛОР дәрігері, эндокринолог, нефролог, невролог, сурдолог, офтальмолог, гастроэнтеролог, аллерголог психолог және логопед мамандары балаларға қабылдау жүргізіп, кеңес берді.


Жалпы облыс бойынша 2 мыңға жуық бала қаралды. Мерекелік іс-шара барысында концерттік бағдарламалар жүргізіліп, сыйлықтар берілді.