Түркістандық дәріханалар 136 түрлі 2 тонна дәрімен толықты

0
177

Жергілікті ауруханаларда дәрі тапшылығы жоқ.


Түркістандық дәріханалар 136 түрлі 2 тонна дәрімен толықты

Түркістан қаласына пандемия кезіндегі науқастарға аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келді. Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан 27 млн. теңгеге халыққа қажетті 136 түрлі 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарына арналған дәрілер бар. Олар облыс орталығындағы дәріханаларға шекті бағамен үлестіріліп, азаматтарға белгіленген бағада сатылымға шығатын болады.




"Келісім-шарт бойынша дүйсенбі күні растоможкада тұрған Өзбекстаннан тағы да бір жүк көлігі келеді дәрі-дәрмекпен. Одан кейін келесі аптаның соңына қарай Алматыдан тағы келеді. Антибиотиктер тек дәрігерлердің рұқсатымен сатылады. Және парацетомол, аспирин секілді дәрі-дәрмек бір қолға екі құтыдан сатылады" - деді облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов.




Бұдан бөлек, қосымша дәрілер алуға өзге де компанияларға сұраныс берілген. Алдағы уақытта көрші елдерден де препараттар алынып, облыстағы дәріханалардың сөрелері қажетті дәрілермен қамтылмақ.



Айта кетерлігі, жергілікті ауруханаларда дәрі тапшылығы жоқ. Егер де, дәрі жетіспеушілігі немесе бағалардың негізсіз көтерілуі орын алса, кез-келген азамат Amazing Turkistan электронды қосымшасының "Дәріхана" айдарындағы "Шағымдану" бөлімі арқылы шағымдануға болады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет