Түркістандық депутат футбол алаңын салып берді

0
586

Заманауи кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді.


Түркістандық депутат футбол алаңын салып берді

Бәйдібектік депутат футбол алаңын салып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Түркістан облысы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ғабиден Қапалбаевтың демеушілігімен Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылынан салынған заманауи кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді.

Футбол алаңшасының ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсенбай Тәжібаев, облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, спортқа жастарды тәрбиелеп, келешек ұрпаққа осындай жағдай жасап отырған Ғабиден Заманханұлына алғысын білдірді.

Салтанатты лента қию рәсімінен кейін ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Футболды жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл тамаша сыйлық. Бұдан былай шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңшаның есігі әрдайым ашық болмақ.

«Nur Otan» фракциясының депутаты Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасында өңірде спорт нысандарын салу, инфрақұрылымды жақсарту жоспарлары енгізілген. Осы бағытта жұмыс жалғасады.